Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады

213

Ол екі жылдан бері халықаралық іздеуге жарияланған. 

Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады Фото: NA Regnum

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу