Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова адам папиллома вирусына қарсы екпені алған оқушы қыздардың санын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінде 47 мыңнан астам қыз вакцинациялаудан өтті. Барлығы жоспарлы түрде келе жатыр. Бұл ата-ананың келісімін алу арқылы жүргізіліп жатыр", - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Вакцинация қыркүйек айында басталды.
Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталғанын жазған болатынбыз. 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы АҚШ вакцинасы салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу