Адам пішіндес "Федор" роботы ғарыш станциясына қонды

1256

"Союз МС-14" ғарыш кемесі "Федор" роботымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына автоматты режимде екінші талпыныстан кейін қонды. 

Адам пішіндес "Федор" роботы ғарыш станциясына қонды

Кеменің станциямен түйіндесуі есептелген уақыттан бірнеше минут бұрын жүзеге асты. Халықаралық ғарыш станциясы сол сәтте Қытайдың үстімен ұшып жүрген. Бұл процесті Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының жетекшілері қадағалаған. 

Мамандардың айтуынша, кеме мен станция арасындағы қысымды теңдестіруге бірнеше сағат керек. Содан кейін ғана ұшырылымдарды басқару Орталығы станция экипажына люкты ашуға рұқсат береді. Халықаралық ғарыш станциясында робот 6 қыркүйекке дейін болып, кейін Жерге қайтарылады. 

"Союз МС-14" Байқоңырдан 22 тамызда ұшырылған болатын. Бұл соңғы 30 жылдағы экипажсыз басқарылатын ғарыш кемесінің алғашқы ұшырылымы. Борттағы жалғыз ғарышкер тек адам пішіндес "Федор" роботы ғана.

Жоспар бойынша, ғарыш кемесі 24 тамызда қонуы тиіс болатын. Алайда ол станциядан 100 метр қашықтыққа жақындап, радиожабдықтардағы ақауға байланысты қона алмады. 

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозиннің айтуынша, роботты станцияға жіберудегі мақсат – телеөлшемдерді жеткізу, ұшырылымның қауіпсіздігіне байланысты параметрлерді анықтау және тәжірибе жүргізу. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу