Адам сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

709

Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан. 

Адам сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Күдіктілердің жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартылған, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін оларды сату және алмасу жүргізілген, алынған табысты өздері иемденіп отырған. Тыңдамаған жағдайда зорлық-зомбылық көрсеткен, бопсалап, ойдан шығарған айыппұлдар салған, есірткіні (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген.

Аталған факті бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притонқұру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу