Қарағанды қаласында бірнеше жыл бойы адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.
Күдіктілер қыздарды алдап, арбауына түсіріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың соңына екі ай түсіп, 4 күдіктіні ұстады.
"Төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Олардың топ басшысы 27 жаста. Қазіргі таңда бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі өндіріс басталды", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу