Адам саудасына қарсы күрес туралы заң әлі күнге дейін қабылданбады

455

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында әзірленуде.

Адам саудасына қарсы күрес туралы заң әлі күнге дейін қабылданбады Фото: unsplash

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі құжат 2023 жылдың көктемінде дайын болады деп хабарлаған, алайда министрлік өкілі Құсетов Саматтың бүгінгі мәлімдемесіне сәйкес, оны қабылдау мерзімі кейінге қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

"Бұған дейін халықаралық конвенциялар ережелері біздің заңнамаларымызға енгізілген болатын, бірақ адам саудасына қатысты бөлек Заң болған жоқ. Заңнама жобасын талқылау барысында халықаралық конвенциялар, ТМД елдері мен БҰҰ-ның үлгі болар заңдары, ұлттық әрі шетелдік тәжірибелер қарастырылды", — ҚР Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Құсетов Самат Сұлтанұлы. 

Заң жобасын талқылау мен құрастыру 50-ден астам сарапшылардың қатысуымен жүргізілді. Олардың қатарында Адам құқығы жөнінде уәкіл, Комиссия хатшысы, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б.), мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар, академиялық қоғамдастық өкілдері бар. 

"Бүгінде Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қарастырылып жатыр, әлі мақұлданған жоқ", — деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу