Адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс әшкереленді

974

Адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс әшкереленді

Алматыда жыл басынан бері адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жыл басынан бері ҚР ҚК 309-бабы бойынша 23 сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. ҚР ҚК 308-бабы бойынша 5 қылмыс жасалғаны анықталды. Ал ҚР ҚК 128-бабы бойынша, яғни адам саудасына байланысты 1 қылмыстық іс қаралып жатыр", -деді полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бөлім басшысы Айдынбек Қоқамбеков.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары тұрақты түрде қонақ үйлер мен жалға берілетін пәтерлерді тексеріп тұрады. 

Жынойнақ жасаған пәтер қожайындары ҚР ӘқбК 450-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

"Жергілікті полиция қызметінің көмегімен аталған баппен 121 адам, жігіттерге жөнсіз жабысқан 313 бойжеткен жауапқа тартылған", - деді подполковник Қоқамбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу