Адам саудасына қатысты қылмыстар негізінен ірі қалаларда болады – ІІМ

178

Адам саудасы үшін онсыз да қатаң жаза бар.

Адам саудасына қатысты қылмыстар негізінен ірі қалаларда болады – ІІМ Фото: Polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев адам саудасына қатысты қылмыстар көбіне қай жерлерде жасалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Адам саудасы санатына жататын қылмыстарға тоқталсақ, онымен негізінен жезөкшелікпен айналысатын орындар мен жеңгетайлықты ұйымдастыратын адамдар айналысады. Мұндай 67 дерек бар. Олар еліміздегі ірі қалалар мен облыс орталықтарында көп кездеседі", - деді М. Қожаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол бүгін Мәжілісте қабылданған адам саудасына қарсы іс-қимылды реттейтін заңда бұл бағытта жазаны күшейту қарастырылмағанын айтты.

"Адам саудасы үшін онсыз да қатаң жаза бар. Мәселен, жаңа туған нәрестелер мен кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондықтан бүгін қабылданған заң аталған қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырмайды", - деп түсіндірді министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Құжатта адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс істеуі, уәкілетті органдар мен адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін айқындау ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу