Адам саудасына қатысты қылмыстардың көбі әйелді сексуалдық құлдыққа жегумен байланысты

786

Елімізде де адам саудасында әйелдерді сексуалдық мақсатта пайдалану түрі кеңінен тараған. Ал ер адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салады. Сонымен қатар асырап алу үшін нәрестелер мен бүлдіршіндерді сату фактілері де анықталып жатыр.

Адам саудасына қатысты қылмыстардың көбі әйелді сексуалдық құлдыққа жегумен байланысты

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, адам саудасы мәселесінде жыл сайын 100-ге тарта сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. 

"2021 жылдың желтоқсан айында трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі түрлі мерзімге жазаға тартылды. Олар адам саудасымен айналысқан және адамдарды Бахрейн Корольдігіне жеткізіп отырған", – дейді Нұрмағамбетов.

БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, адам саудасы бойынша ең көп тараған бағыты аясында әйелдер сексуалдық мақсатта пайдалану үшін құлдыққа жегіледі. Осы орайда адам трафигіне байланысты жағдайлардың 54 пайызы аталған қылмысқа тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу