Адам саудасына қатысты зерттеулер жүргізілді

1273

ІІМ-нің және КҚХҰ миссиясының қолдауымен Қазақстанда республикалық "116 16" сенім телефоны жұмыс істейді. 

Адам саудасына қатысты зерттеулер жүргізілді

ІІМ-де министр Ерлан Тұрғымбаев Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі) үйлестірушісі, Қазақстандағы, Қырғыз Республикасындағы, Түркіменстан мен Өзбекстандағы миссия басшысы Деян Кесерович мырзамен кездесті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ішкі істер министрі Халықаралық үйлестірушіге Қазақстан мен Орталық Азиядағы миссияның аяқталуына байланысты, сондай-ақ Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІМ-нің Құрмет грамотасын табыс етті.   

Екіжақты әңгімелесу кезінде тараптар адам саудасына қарсы күрес және халықтың көші-қоны мәселелері саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі және оған әрқашан дайын екендіктерін білдірді.

"Құрбандар интернет арқылы трафиктер желісіне жиі түседі. Біз Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, ел ішінде үлкен зерттеу жүргіздік. Нәтижелерін ІІМ-мен бірлесіп, келесі ведомствоаралық комиссия аясында таныстырылады", – деді Деян Кесерович.

ІІМ-нің және КҚХҰ миссиясының қолдауымен Қазақстанда республикалық "116 16" сенім телефоны жұмыс істейді. Оның операторлары адам саудасы тәуекелдерін болдырмау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып, еңбек көші-қонына байланысты сұрақтарға жауап беруге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу