Адам саудасына қатысы бар күдікті елге жеткізілді

1115

Қазақстандықтарды Бахрейн корольдігіне жезөкшелікпен айналысуға апарған қылмыстық топтың мүшесі елге жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

  Адам саудасына қатысы бар күдікті елге жеткізілді

"2021 жылғы 5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады.

Ол Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жезөкшелікпен айналысуға апарған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зарифа Османова қылмыс жасалғаннан кейін құзырлы орган қызметкерлерінен қашқан. Кейін ол халықаралық іздеуге жарияланған.

"Бүгінде күдікті Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына қамаула отыр", - деп жазылған хабарладама.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу