Адам ұрлап, несие рәсімдеткен: Алматыда қылмыстық топ құрықталды

263

Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

Адам ұрлап, несие рәсімдеткен: Алматыда қылмыстық топ құрықталды Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу