Лилия Рахтың ісіне қатысты айыпталушылар кінәларын мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқып болған соң адам ұрлады деп айыпталған Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Мисиров және Бақыт Шалбаевтар кінәсін мойындамады.
Сотта жапа шегуші Хамро Сувановтың мәлімдемесі тыңдалды. Өз мәлімдемесінде ол Лилия Рахпен 7 жылдан астам уақыт, ал Мири Пазбен 5 жылдан бері таныс екенін айтты. Ислам Мисировты ол бұрын Мири Паздың дүкенінде көргенін, ал Бақыт Шалбаевты өзін ұрлағанға дейін білмегенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу