Адамдар азық-түлікті несиеге алуға мәжбүр - депутат

356

Елімізде 1 млн адам ресми түрде кедей.  

Адамдар азық-түлікті несиеге алуға мәжбүр - депутат Фото: Inbusiness.kz

Бюджетте кедей азаматтардың мүддесі толыққанды қорғалмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

“Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазақстанда 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей боп тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалық адамдар нан, макарон, ет алу үшін несие алуға мәжбүр. Иә, бүгін бюджетте жағдайы нашар азаматтар үшін 12,4 млрд теңге грантқа берілген. Ал енді 9 мың грант қана. 1 млн адамға 9 мың грантпен кімнің жамауын жабамыз? Төрелердің әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті”, - деді халық қалаулысы Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзінше, бұл тенденция қазір жалғасып жатыр.

“Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағды қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Осы мәселе бюджетте қарастырылмаған. Біз халықтың өмір сапасын арттыруымыз керек”, - деді ол.

Депутат Үкімет жанынан кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құруды ұсынып отыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, Үкіметтің жанында халықтың табысын арттыру жөнінде жобалық офис құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу