Адамдар бюджеттік несиеге қарыз жауып, үй мен көлік сатып алады – Әлия Әбсеметова

705

Nur Otan партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысындағы заңсыздықтарға қатысты фактілер жарияланды. 

Адамдар бюджеттік несиеге қарыз жауып, үй мен көлік сатып алады  – Әлия Әбсеметова

Прокуратура органдары 1,3 млрд теңге несие негізсіз берілгенін, 555,3 млн теңге көлеміндегі бюджеттік несие мақсатсыз пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz партиялық бақылау комитетінің дерегіне сүйеніп.

"Кәсіпкерлердің басым бөлігі бюджеттік несие алғаннан кейін бірден өз қызметін тоқтатады. Тиісті бақылаудың болмауы салдарынан адамдар бюджеттік несие есебінен басқа банктердегі қарыздарын жауып, үй мен көлік сатып алады", – деді мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу