Адамдарды баспананың көлеміне қарай тіркеу ережесі енгізілмек

1062

Адамдарды баспананың көлеміне қарай тіркеу ережесі енгізілмек

Аталған норманың арқасында бір пәтерге ондаған, тіпті жүздеген адамды тіркеуге тыйым салынады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"Бүгінде Ішкі істерминистрлігі типтік ережелердің жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізді. Аталған ережелерге сәйкес, баспананың ауданына қарай адамдарды тіркеуге шектеу қойылады. Типтік ережелердің негізінде жергілікті мәслихаттар өз ережелерін қабылдайды. Соның ішінде жергілікті жердің ерекшеліктері мен баспананың ауданына қарай тіркеу нормаларын көрсетуге болады. Бұл дегеніміз, бір пәтерг еондаған, тіпті жүздеген адамды тіркеу бизнесіне де тосқауыл қойылады", - деді Астана қалалық көші-қоні полициясының басшысы Гүлвира Дөненбаева "Вечерняя Астана" газетіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, уақытша тіркеу туралы заң күшіне енгелі бері Қазақстанда 1 миллион 442 мың адам тіркеуге тұрды. Олардың ішінде 695 000 адам тұрақты тіркеуге тұрса, 746 мыңы - уақытша тіркеуге отырғандар. Астананың өзінде 250 мың адам тіркеуге тұрды.

"Негізі, баспананың ауданына қарай әрбір адамды тіркеуге қою тетіктері заңмен бекітілгеннен кейін Астанада пәтерді жасырын жалға беру әрекеттері азаюы тиіс. Дегенмен, президенттің тікелей тапсырмасы мен жергілікті биліктің қолға алып жатқан шараларына қарамастан, пәтерді заңсыз жалға беру мен тіркеуге қою бизнесі әлі де бәсеңдейтін емес", - дейді Дөненбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу