Адамдарды көбіне қай елдерге сексуалдық құлдыққа әкетеді?

1027

Былтыр жыныстық қанаудың 16 құрбаны анықталды.

Адамдарды көбіне қай елдерге сексуалдық құлдыққа әкетеді?

Сексуалды қанау қылмысы бойынша негізінен ел ішінде көбірек факті тіркеледі. Дегенмен шетелге әкету деректері де бар. Бұл туралы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылы жыныстық қанаудың 16 құрбаны анықталды, 2020 жылы – 67, 2019 жылы – 35. 

Бұдан бұрын азаматтарымыздың Бахрейнге әкету фактісі тіркелген. Кейінгі жылдары Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне де әкетілген.

"Бірақ негізінен бізде ішкі трафик басым. Сексуалдық қанау фактілері ірі қалаларда – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ облыс орталықтарында көрінеді", – деді Көшербаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу