Адамдарды құлдықта ұстап келген қостанайлық экс-полицей сотталды

776

Сот үкімімен Тимур Алатаев 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Адамдарды құлдықта ұстап келген қостанайлық экс-полицей сотталды

Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап ұстап, кейін өлтіріп тастаған мейрамхана басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы "Караван" дәмханасының басшысы 2016 жылдан бастап бірнеше адамды құлдықта ұстап келген. Ер адамдарды тегін жұмыс істетіп, бойжеткеннің тәнін сатуға дейін барған. Ең алғаш бұл оқиға туралы "Дамыту" қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк біліп, полицияға өтініш жазған.

"Дәмхана басшысы Тимур Алатаев жәбірленушілерді шынжырда ұстап, байлап отырған. Лас қолдарымен қазаннан ас ішкені үшін Нина Косюктің інісі 34 жастағы Иван Косюкті өлтіріп тастаған", - деп хабарлаған болатын Нина Косюк.

Сот алдында 3 адам жауап берді. Олар: 41 жастағы дәмхана басшысы Тимур Алатаев, Боровское ауылының тұрғындары Вячеслав Евдокимов пен Рамиль Абдулхаев. Сотта айтылғандай, Тимур Алатаев полицияда қызмет еткен. Заң мамандығын аяқтаған.

Сот үкімімен Тимур Алатаев 17 жылға, Вячеслав Евдокимов 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Ал Рамиль Абдулхаев 3 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу