Адамдарды өрттен құтқарған ХҚО қызметкерлері марапатталды

1144

Олар қысылтаяң шақта батырлық танытып, ерлік жасағандары үшін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың алғыс хатына ие болды.

Адамдарды өрттен құтқарған ХҚО қызметкерлері марапатталды

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында бірнеше адамның өмірін құтқарған ержүрек жігіттер Айдар Мұстафин, Диас Рахметов және Руслан Құрманов марапатталды. Олар қысылтаяң шақта батырлық танытып, ерлік жасағандары үшін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов әріптестеріне құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық табыс етті, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. 
Алаңсыз келе жатқан жігіттер көмекке шақырған балалардың дауысын естиді. Жанайқай шыққан жаққа жүгірген жігіттер өрт сөндіру қызметінің келуін күтпестен, адамдардың өмірін құтқаруға ұмтылады. 
"Мен соншалықты батырлық таныттым деп ойламаймын, өзгеге көмектесу әркімнің міндеті", - дейді Айдар Мұстафин.

Ол темір торлар арқылы түтінге толған пәтердің терезесіне өрмелеп шығып, төменде тұрған әріптестеріне бала мен жасөспірімді табыстаған болатын. Сосын түтінге тұншығып жатқан қарияларға көмектесу үшін пәтерге кірген. Екі орамалды сулап, бірін қарт кісілерге берсе, екіншісімен түтін кіріп жатқан есікті қымтайды. 
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері өрт шыққан үйдегі адамдарды сыртқа шығарады. Сондай-ақ олар өзгені құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігіп, түтінге улана бастаған Айдарға да көмек көрсетті.
Айдар, Диас және Руслан "Азаматтарға арналған үкіметтің" Қостанай қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу