"Адамдарды сиырмен салыстырған": Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды

90

Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтарды қорлайтын материалдарды таратқаны үшін өзін "ұстаз" деп атайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Адамдарды сиырмен салыстырған": Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды Фото: Бейнежазбадан

Өзін діни "ұстаз" ретінде таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды "сиырлармен" салыстырған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.

Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу