Сарыағаш ауданының полиция бөліміне арызбен екі тұрғын көмекке жүгінді. Ер адамның айтуынша, таныс әйелдің уәдесімен, салынып жатқан тұрғын үйден 2 бөлмелі пәтерге ие болатынына сендіріп жәбірленушіден 400 000 мың теңге көлемінде қаражат алып қайтармаған. Ал екінші жәбірленуші өз арызында 500 000 мың теңге ақша беріп, алаяқтың Шымкент қаласында үй алып береді деген арбауына түскен. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша полицияға тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Алаяқтың жәбірленушілерден алған ақшасы өз қажеттіліктеріне жұмсалған. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.