"Адамды қорлайтын пікірге лүпіл басу – күнә": ҚМДБ мәлімдеме жасады

323

ҚМДБ желіде адамның ар-намысына тиетін сөз жазу, қорлаған пікірлерге лүпіл басуды да қолдамайды.

"Адамды қорлайтын пікірге лүпіл басу – күнә": ҚМДБ мәлімдеме жасады Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік желілер немесе ұялы телефондар арқылы жалған ақпарат тарату, қорлайтын немесе ар-намысты қорлайтын пікірлерді тарату, сондай-ақ лүпіл басу арқылы оны қолдау да күнә", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ біреудің жеке жазбалары, фотосын немесе видеоларын жариялаймын деп қорқытуға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу