"Адамның мазасын алып, ұйқы бермейді": Бектенов түнде қатты шу шығаратын жүргізушілерге қатаң шара қабылдауды тапсырды

159

ІІМ бұл бағытта жұмысты күшейтеміз деп сендірді.  

 "Адамның мазасын алып, ұйқы бермейді": Бектенов түнде қатты шу шығаратын жүргізушілерге қатаң шара қабылдауды тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын мотоцикл мен автокөлік жүргізушілеріне қолданылатын шараларды қатаңдату қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ержан Сапарбекұлы, қатты шуылдайтын мото және автокөлік мәселесін біз бірнеше рет өзіңізбен бірге талқыладық. Оларға өте қатаң шаралар қабылдау керек. Әйтпесе түннің ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр. Қандай жұмыстар атқарып жатсыздар?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ондай фактілер бар екенін жеткізді.

"Өздеріңізге белгілі, тәулік бойы полиция жұмыс істейді. Бүгінгі таңда цифрлық шешімдер, камералар оларға көп көмектеседі. Камералармен анықтап жатамыз. Жалпы алғанда қоғам қазір белсенділік танытып жатыр. Адамдардың өздері телефон арқылы 102-ге қоңырау шалып, осындай мәліметтерді баяндайды. Жыл басынан бері осындай 372 факті орын алды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 55 адам қамаққа алынды. Автокөліктер, мотоциклдер айыппұл тұрақтарына да қамалады. Бұл жұмысты күшейтеміз", – деп жауап берді ведомство басшысы.

"Оларға айыппұл емес, қамау керек", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу