Адамзат 2040 жылы Марсқа ұшады-NASA

789

Қызыл планетаға жету үшін сапар 7-8 жыл уақыт алады екен.

Адамзат 2040 жылы Марсқа ұшады-NASA Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) директоры Билл Нельсон адамдар Марсқа 2040 жылы ұша алады деп мәлімдеді.

Маман Марстың Айдан әлдеқайда алыс екенін еске салды. Мәселен, Айға жету үшін 3-4 тәулік жеткілікті болса, Марсқа бір реттік сапар 7-8 жыл уақыт алады.

Ал жетіп алған ғарышкерлер кемі 2 жыл Марсты мекендеуге тиіс. Себебі  планеталардың дұрыс орналасуын күтпесе, қайта алмайды. Нельсон ғарышкерлердің Марсқа қауіпсіз ұшуын қамтамасыз ету үшін көптеген дайындық қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу