Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск 5-7 жылдан кейін адамзаттың табаны Марс бетіне тиетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, негізгі мәселе Жердегі технологиялық даму деңгейінің қаншалықты ұзақ сақталатынына байланысты. Планетадан кемелердің ұшып келуі тоқтаған күннің өзінде Марстың өздігінен дамып, өркендей алуы маңызды. Ондай болмаған жағдайда Марсқа қоныстанған колония тіршілігін жалғастыра алмауы мүмкін, деді ол.
"Бұл уақытша мүмкіндікті барынша ұзартып, өркениетті нығайту үшін бар күшімізді салуымыз қажет", – деді Илон Маск.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу