Адасып қалған альпинистер табылды

1177

Адасып қалған альпинистер табылды

Алматы маңындағы Бутаков шатқалында Анатолий Букреев шыңын (3010 м) бағындыруға шыққан 11 альпинист адасып қалды, деп хабарлайды egemen.kz.
Құтқарушылар "Пионер" туристік базасына жедел жетіп, сол жерден Қотырбұлақ тауы (3030 м) ауданынан бағыт алды. 20 минуттан кейін құтқарушылар жолдан адасқан 11 альпинисті тапты. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет болған жоқ. Саяхатшылар тобынан Франция азаматшасы бөлініп қалғаны анықталды. Ол бағыт бойынша жүруден бас тартып, Медеу ауданындағы Бутаков шатқалында түнеуге қалып қойған. Құтқарушылар екі топқа бөлінді, бірі – альпинистердің негізгі құрамын қалаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне табыстауға жұмылдырылса, екінші топтағы төрт адам Франция азаматшасын іздеуге Бутаков шатқалына шықты. 40 минуттан кейін Мари Серверді тауып алған жедел топ оны тұрғылықты жеріне жеткізді.

Құтқарушылар Алматы тұрғындары және саяхатшыларынан тау ішінде жалғыз жүрмеуін, алдын ала белгіленген бағыттан ауытқымай, картадағы бағытты қатаң қадағалауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу