АДБ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" $100 млн көлемінде қарыз береді

913

Сондай-ақ, техникалық көмек ретінде 620 мың доллардай грант бөледі. 

АДБ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" $100 млн көлемінде қарыз береді

Несиелеу "Тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікті қолдау" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Азиялық даму банкінің баспасөз мәслихаты жариялады. 

Құжатқа сәйкес, қаражат 3000-нан астам әйелге қолжетімді тұрғын үй қаржыландыруын пайдалануға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, АДБ қазақстандық банктің жұмыс қабілеттілігін, сапасын арттыру мақсатында техникалық көмек ретінде 620 мың доллардай грант бөледі. Бұл қаражат Қазақстандағы табысы төмен және орташа әйелдер арасындағы кедейлік деңгейін төмендетуге арналған.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қарыз алушыларының 60 мыңнан астамы – әйелдер, олардың 64% Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан тысқары жерде тұрады. АДБ мақұлдаған кредиттің 60%-дан астамы ауыл аймақтарындағы әйелдерге, 20%-ы табысы төмен әйелдерге қарызға беріледі", – дейді банк өкілдері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу