Әдебиет пен өнер саласында жүрген бірқатар тұлға мемлекеттік сыйлық иегері болды

1090

Әдебиет пен өнер саласында жүрген бірқатар тұлға мемлекеттік сыйлық иегері болды

Елбасының қаулы етуімен, әдебиет пен өнер саласында жүрген бірқатар тұлғаға мемлекеттік сыйлық беріледі. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

- ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;
-  авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
-  авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін;
-  ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
-  ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін берілетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу