Аделаида Пчелинцева брасс әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартты

1769

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде эстафета және брасс әдісімен жүзуден жеңімпаздар анықталды.

Аделаида Пчелинцева брасс әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартты

Еліміздің ашық біріншілігіне құрама спортшылары тегіс қатысып жатыр. Тек Олимпиада ойындарына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатқан Дмитрий Баландин ғана қатарда жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында Айбек Қамзенов топ жарды. 

200 метрге еркін әдіспен жүзу эстафетасында әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының командасы топ жарды. Екінші орында – Алматы, үшінші орында Ақтөбе қаласының құрамалары орналасқан. 

50 метрге жарысудан аралас командалар арасындағы эстафетада ақтөбеліктер топ жарды. Екінші және үшінші орындарда – Павлодар мен Тараз спортшылары.

Сондай-ақ, Қазақстан командасының үздігі Аделаида Пчелинцева 50  метрге брасс әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартып, чемпионат алтынын иеленді. 

Пчелинцева аталған қашықтықты 00.31.81 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу