Аден шығанағы аймағында жергілікті экологиялық апат болуы мүмкін

410

Аден шығанағында хуситтер атқылаған кеме суға батты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аден шығанағы аймағында жергілікті экологиялық апат болуы мүмкін Фото: BBC

Екі апта бұрын йемендік хуситтердің зымырандық шабуылына ұшыраған Ұлыбританияда тіркелген Rubymar жүк кемесі Аден шығанағында суға батты.

Бұл Иран қолдауына ие болған Йемен содырлары суға батырған алғашқы кеме. Олар Газада соғыс басталғалы Израильмен байланысы бар деп (көбіне негізсіз) санаған барлық кемеге оқ жаудырып жүр.

Жүк кемесі аммиак селитрасын тасымалдаған. Сарапшылардың пікірінше, енді Аден шығанағы аймағында жергілікті экологиялық апат болуы мүмкін.

19 ақпанда жүк кемесіне Баб-эль-Мандеб бұғазында екі зымыран соғылып, ол суға бата бастағаннан кейін 24 адамнан тұратын команда Rubymar-ды тастап кеткен.

Йеменнің халықаралық мойындаған үкіметінің премьер-министрі Ахмед Авад бен Мубарак жүк кемесінің батуын "бұрын-соңды болмаған экологиялық апат" деп атады, ал Greenpeace ұйымының өкілдері суға түскен тыңайтқыштар теңіз экожүйелеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу