Adidas Nike компаниясын сотқа берді

866

Әзірге олардың қанша өтемақы талап етіп отырғаны белгісіз.

Adidas Nike компаниясын сотқа берді

Германияның спорт тауарларын өндіретін Adidas компаниясы патенттерді бұзғаны үшін америкалық Nike компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

10 маусымда Техас штатының iығыс округінің сотына түскен шағымға сәйкес, Nike Adidas-тың тоғыз патентін бұзған көрінеді.

Нақтырақ айтқанда, неміс өндірушісі Nike SNKRS қосымшасында Adidas Confirmed сервисінікіне ұқсас функциялардың бар екенін мәлім етті. 

Сонымен қатар компания өкілдері Nike Adapt деп аталатын ақылды кроссовкаларының идеясы 2005 жылы шығарылған "әлемдегі алғашқы ақылды кроссовкалар" саналатын Adidas_1 кроссовкаларынан алынғанын жариялады .

"Adidas корпорациясы мобильді технологиялар, соның ішінде фитнес және онлайн-тапсырыс технологиялары саласындағы көшбасшы болып келеді", – деп жазылған компанияның шағымында.

Әзірге олардың қанша өтемақы талап етіп отырғаны белгісіз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу