Әділбек Ниязымбетов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болды

1105

Әділбек Ниязымбетов бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны анықталды. Бұл туралы еліміздің Бокс федерациясы мәлім етті.

"Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен және команда боксшыларымен ақылдаса келе біз капитандық міндетті Әділбек Ниязымбетовке бердік", – делінген федерация таратқан ақпаратта.

Оған дейін құраманың капитаны міндетін Риода өткен Олимпиаданың алтын жүлдегері Данияр Елеусінов атқарып келді.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов – қазақ боксы тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының екі күміс жүлдесі, әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі және Азия ойындары мен Азия біріншілігінің алтын жүлделері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу