Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 81 килограмға дейінгі салмақта финалға қатыспай Қазақстан чемпионы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Финалда Ниязымбетов Бекзат Нұрдәулетовпен жұдырық түйістіруге тиіс еді. Екі боксшы да Маңғыстау облысының тумасы. Бекзат жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болған соң Ниязымбетовке алтын, Нұрдәулетовке күміс медаль берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу