Әділет департаментінің ішкі қауіпсіздігіне жауапты қызметкері үйқамаққа алынды

1205

Ол әділет департаментінің бөлім басшысын пара беруге көндірмек болған.

Әділет департаментінің ішкі қауіпсіздігіне жауапты қызметкері үйқамаққа алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік саласы үшін жауапты қызметкерін үйқамаққа алып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге міндетті тұлға облыстық әділет департаментінің бөлім басшысын оған қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін Қызылорда облысы бойынша СЖҚІҰБ-ның лауазымды тұлғаларына 5 млн теңге көлемінде пара беруге көндірмек болғаны үшін күдікті деп танылды. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті "үйқамаққа" алынды.   

Тергеу жалғасып жатыр.

Меңтай Шыңғыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу