Әділет министрі Қанат Мусин: Заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ

664

Соңғы екі күннен бері бірнеше республикалық және қоғамдық ұйым Тоқаевты президентікке үміткер ретінде ұсынғаны белгілі.

Әділет министрі Қанат Мусин: Заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ

Одан бөлек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына коалицияның атынан түсетінін мәлімдеді.

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, заңда бұған шектеу жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Заң бойынша бір республикалық бірлестік бір кандидатты ұсына алады. Ал коалиция деген ол саяси термин. Барлығы ұсынса, ол коалиция болып саналады", - деді Қанат Мусин.

Министрдің айтуынша, коалиция атынан кандидат шығару үшін бірлескен съезд және басқа да жиын өткізудің қажеті жоқ. Себебі әрбір ұйым өз ұсынысын жасап қойған. Ал заңда коалиция атынан сайлауға қатысуға шектеу жоқ.

Айта кетері, кешеден бері бірнеше республикалық және қоғамдық ұйым Тоқаевты президентікке үміткер ретінде ұсынды. Бүгін Amanat пен Қазақстан Халық партиялары және "Ақ жол" партиясы Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу