Әділет министрі қандай мәліметті жариялай алмайтынын айтты

571

Марат Бекетаев министрлікке партия құру туралы өтінім келіп түскенін, өтінімдер заң талабына сай болмағанын, сондықтан саяси партияларды тіркеуден бас тартылғанын мәлімдеді. 

Әділет министрі қандай мәліметті жариялай алмайтынын айтты Фото: primeminister.kz

"Шынында да өтінімдер болды. Бірақ мен оларды оппозициялық деп атамас едім. Адамдар тобы саяси партия құрғысы келетіні жөнінде әділет министрлігіне сұраныс жолдады. Бұл өтінімдер заң талабына сай болған жоқ. Сол себепті оларды тіркеуден бас тартылды. Өтінім берген азаматтар тобы қателерін жөндеп, қайтадан құжат тапсыра алады", – деді Марат Бекетаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, партия құру оңай емес. 

"Бұл – өте қымбатқа түсетін үдеріс. Бүгін партия құру бастамасын ойлаған адам ертең оны құра салмайды. Заң бойынша өтінім берушілер саяси партия құра алатын ресурсы бар екенін дәлелдеуі керек. Қанша адамнан партия құру туралы ұсыныс түскенін, қай адам түсіргенін айта алмаймын. Маған бұл мәліметтерді таратуға заң рұқсат бермейді. Әділет министрлігі мұндай мәліметті жариялай алмайды", – деді Марат Бекетаев 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу