Әділет министрі Тұңғыш Президент туралы заңға түсініктеме берді

690

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Үкімет отырысының кулуарында Тұңғыш Президент туралы заңға түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Әділет министрі Тұңғыш Президент туралы заңға түсініктеме берді Фото: primeminister.kz

"Конституциядағы Тұңғыш Президенттің айрықша мәртебесі туралы тұстардың бәрі алынып тасталған. Сәйкесінше қазір заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

Сондай-ақ ол Парламенттен аталмыш заңның күшін жою туралы бастама түскен жағдайда министрлік пысықтауға алатынын атап өтті.

"Әрине, заңнама Конституцияға сәйкестендіріледі. Сәйкесінше Тұңғыш Президент туралы заңның өз функциясын жоғалтқаны туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Әзірше мерзімі жоқ. Заң шығару бастамасы Үкіметке ғана тиесілі емес, Президент пен Парламетке де тиесілі. Сондықтан ондай бастама депутаттар тарапынан да берілуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңда Әділет министрлігіне Парламенттен ондай заң жобасы түскен жоқ. Түскен жағдайда пысықталады", - деді Қанат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу