Әділет министрі жаңа тіркелген партиялар туралы пікір білдірді

Қалған партиялардың құжаттары заңға сәйкес емес.   

Әділет министрі жаңа тіркелген партиялар туралы пікір білдірді Фото: primeminister.kz

Соңғы тіркелген "Байтақ" және Respublika партиялары – толық тіркелген, барлық құқыққа ие ұйымдар. Қалған партиялар бойынша жұмыс жалғасуда, олар әлі бірінші кезеңнен өтпеді. Себеп бұрынғыдай – құжаттары заңға сәйкес емес.

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Айта кетейік, қараша айында "Байтақ" партиясы тіркелгені белгілі болды. Өздерін экологиялық бағытта жұмыс атқаратын, жасылдар партиясымыз деп атаған ұйымды Азаматхан Әміртай басқарады.

Ал кәсіпкерлер мен медиада танымал тұлғалардан құралған екінші партия Respublika-ны Айдарбек Ходжаназаров басқаратыны белгілі болды.

Қанат Мусин БАҚ өкілдеріне "Тұңғыш президент туралы" заңның күшін қашан жоятыны жайлы да айтты.

"Заң Парламент қаулысымен күшін жояды. Парламент заң қабылдайды. "Тұңғыш президент туралы" заң күшін жоюы үшін тиісті қаулы мен заң қабылдануы керек", – деді министр.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу