Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды

1235

Қазақстанда тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істейтін 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды.

Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды

Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізіп жатыр. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты шегінде, қағазбастылыққа салыну және жұмыс мерзімін кешіктіру жағдайлары жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Ресми хабарламада Алматы қаласында 5 бағыт бойынша: құрылыс, тауартану, өрт техникалық, баллистикалық және экономикалық.сараптамалар жүргізіліп жатқаны айтылған.

"Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды. Олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған. 2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылатын болады", – деп жазылған сайтта.

Үкіметтің баспасөз қызметі осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу