Әділет министрлігі 94 құжатты тіркеуден бас тартты

1461

Вице-министр Наталья Пан 2021 жылдың алғашқы тоқсанында жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін тіркеу рәсімін орталықтандырылған форматқа көшіру жоспарланып отырғанын жариялады. 

Әділет министрлігі 94 құжатты тіркеуден бас тартты

"2020 жылы әділет министрлігі 37 672 құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді, оның ішінде: 109 заң жобасы; Президент жарлықтарының 100 жобасы; Президент өкімінің 3 жобасы; үкімет қаулыларының 1 130 жобасы; Премьер-министр өкімдерінің 174 жобасы; орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 36 156 нормативтік құқықтық актісі болды. Бұлардың 12 895-сі тіркелді. 94-і қайтарылды немесе тіркеуден бас тартылды", – деді Наталья Пан министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу