Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуды ескертті

351

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. 

Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуды ескертті Фото: pexels

ҚР Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етеді.  

Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk, https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments алуыңызға болады.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу