Әділет министрлігі бейтаныс азаматтармен жеке деректеріңізді бөліспеуді сұрайды

Ведомство соңғы кездері жиілеп кеткен алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады. 

Әділет министрлігі бейтаныс азаматтармен жеке деректеріңізді бөліспеуді сұрайды Фото: GOV.KZ

Өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрлігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда. Осыған орай, Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрлігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келсеңіз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.

"Естеріңізге сала кетейік, Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады", – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу