Әділет министрлігі молдовалық олигархты "жеңе алмай" жүр

549

Молдовалық олигарх Анатол Стати Қазақстаннан 180 млн доллар өндіріп ала алмайды. Әділет министрі Марат Бекетаев осылай деді.

Әділет министрлігі молдовалық олигархты "жеңе алмай" жүр Фото: parlam.kz

Министрдің мәлімдеуінше, Анатол Стати арбитражда елміздегі газ өңдеу зауытының құрылысына 230 млн доллар жұмсағанын мәлімдеп, офшорға
180 млн доллар шығарған. Алаяқ олигарх қомақты қаражатты Қазақстаннан өндіргісі келеді. 

"Менің жауабым қарапайым – ол бұл қаражатты ала алмайды!" – деді Марат Бекетаев. 

Министр осы істен бас тартып, негізсіз берешекті беріп құтылу туралы ұсыныс бірнеше рет түскенін тілге тиек етіп, Қазақстанға инвестиция салмай, түрін көрсетіп кетіп қалған инвестормен ымыраласпайтынын жеткізді.  

"Анатол Стати ісі бойынша сәуір айында Лондон соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Бұл шешім – Ұлттық қордан ешкім ешқандай ақша ала алмайтынын айғақтайды. Лондон сотының шешімі Анатол Стати ісі бойынша ғана емес, келешектегі барлық іс бойынша Қазақстанның пайдасына жарайды. Дәл осындай шешімге біз Стокгольмде де ие болдық. Ол шешім де Қазақстанның алдағы кейстері үшін қызмет етеді. Біз мұнымен тоқтап қалмай, алаяқ инвесторға қарсы талап қойып жатырмыз. Нью-Йоркте Статидің облигацонерлеріне қатысты шағым түсірдік. Кейбір облигацонерлер Статимен белсенді түрде серіктесіп келген. Статиге қарсы шағым түсірудің орнына олар Статимен бірігіп, Қазақстаннан өндірілуі мүмкін қаражатты бөліп алмақ болған. Біз бұл туралы біліп қойдық. Олардың Статимен белсенді түрде серіктескені, әртүрлі процестерге оған көмектескені туралы құжат түріндегі дәлел бар", – деді Марат Бекетаев. 

Біле жүріңіз Стати ісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Еліміздің әділет министрлігі бір сотта жеңсе, бір сотта жеңіліп жүр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу