24 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін шетелде қорғау мәселелеріне арналған бірінші Халықаралық практикалық конференция өтті. Бұл жиын қандай бағыттарды қамтыды? Ол жайында Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрлігінің өкілдері айып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Дастан Смағұловтың сөзінше, олардың департаменті шетелдік арбитраждарда мемлекет мүдделерін қорғау мен өкілдік етуді қамтамасыз етуге жауапты бола отырып, мемлекеттік және сот органдары Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тапсырмаларды белсенді түрде жүзеге асыруда.
Конференцияның мақсаты қазақстандық заң фирмаларының осы саладағы әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу болды.
"Кең ауқымды мәселелер талқыланып, алда тұрған міндеттер зерделенді. Бұл функцияны жүзеге асыру барысында Министрлік отандық компанияларды тарту қажеттілігін анық түсінеді, өйткені халықаралық форумдарда көтерілетін тақырыптар көбінесе қазақстандық құқық мәселелеріне қатысты. Салық, экологиялық, әкімшілік іс жүргізу және құқықтың басқа салаларында тәжірибелік тәжірибесі мол сарапшылар қажет. Қазірдің өзінде көптеген қазақстандық фирмалар мен құқықтың әртүрлі саласындағы сарапшылары халықаралық аренада өздерінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете білді, сол арқылы Қазақстанның мүддесін қорғауға өз үлесін қосуда. Осылайша, министрлік алдына тиісті тәжірибесі бар, аккредиттелген заңгерлер мен сарапшылар пулын қалыптастыру бойынша ауқымды міндет қойып отыр", – деді спикер.