Әділет министрлігі Стати ісіне қатысты мәлімдеме жасады

196

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев атап өткендей, келісім қоғамдық мүддені ескере отырып қабылданған және бюджет қаражатының жұмсалуын көздемейді.

Әділет министрлігі Стати ісіне қатысты мәлімдеме жасады Фото: Рexels.com

ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі және Стати тарапы Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен ұзақ уақытқа созылған Қазақстандағы мұнай-газ активтеріне қатысты дауды бітімгершілік және өзара қолайлы шешу үшін заңды күші бар негіздік келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар барлық сот процесін және барлық юрисдикцияларда жалғасып жатқан талаптарды тоқтату бойынша келісімге келген. Келісімнің нақты шарттары құпия болып саналады.

"Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарқын реформалары аясында Әділетті Қазақстанды құру туралы шешімін құптаймыз. Бұл даудың шешілуі Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерді сақтауын көрсетеді, инвестиция көлемін арттыруға жол ашады және оның экономикалық өсу әлеуетін арттырады. "Біз Қазақстанның жаңа дәуірін құптаймыз", - деді Argentem Creek Partners бас директоры Дэниел Чапман.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев атап өткендей, келісім қоғамдық мүддені ескере отырып қабылданған және бюджет қаражатының жұмсалуын көздемейді.

"Біз бұл қадам елімізге жаңа инвестиция тартуға және экономиканың өсуіне оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Argentem Creek Partners — Stati Parties инвестициялық құралы болып табылатын Tristan Oil Limited компаниясына несие беруші болып табылатын арнайы қорлардың инвестициялық менеджері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу