Әділет министрлігі Статилердің жалған ақпарат таратқанын хабарлады

1043

Ақпаратта даудың Статилер пайдасына шешілгені жазылған.

Әділет министрлігі Статилердің жалған ақпарат таратқанын хабарлады

"Бүгін Анатол Стати АҚШ-тағы сот ісі бойынша жалған ақпарат таратты. Әділет министрлігінің ресми интернет ресурсында жақын арада ресми ақпарат шықпайынша, көрсетілген жалған ақпаратты жарияламауларыңызды сұраймыз",– дейді министрліктен.

Бұл даудың басталғанына да 10 жылдан асып кетті. Молдовалық Ascom Group компаниясының басшысы Анатол Стати 2005 жылы Маңғыстау облысындағы Боранкөл газ өңдеу зауытының құрылысына 156,2 млн доллар қаржы құйған. 2009 жылы Қазақстанның қаржы полициясы Ascom Group компаниясына қарасты "ҚазПолМұнай" және "Толқынмұнайгаз" компанияларының соңына шам алып түскен. Сөйтіп "ҚазПолМұнайдың" бас директоры Сергей Корнегруцаға мұнай құбырларын лицензиясыз пайдаланып, 21 млрд 675 млн теңге көлемінде заңсыз ақша тапты деген айып таққан. Бір жылдан соң Сергей Корнегруца сотталып кеткен. Ал құрылысы аяқталмаған зауыт "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қарамағына өткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу