Әділет министрлігі тағы екі партияны тіркеуді қарастырып жатыр

473

8 ақпанға дейін тіркелген партиялар Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әділет министрлігі тағы екі партияны тіркеуді қарастырып жатыр

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

"Бүгінгі күні жеті партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркелсе, олардың құжаттары заңға сәйкес келетін болса, олар да сайлауға қатыса алады", - деп жауап берді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов тілші сауалына.

Сонымен бірге Әділет вице министрі Алма Мұқанованың айтуынша, тағы екі саяси партияға тиісті растама құжаттары берілді.

"Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: "Ел тағдыры", "Ұрпақтар жалғастығы" партиялары. Ендігі келесі кезең – съезд өткізу. Сондықтан олардың жеделдігіне байланысты, егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады", - деді Әділет вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу