"Әділет" өзін Жаңа Конституцияның партиясы деп атады

140

"Әділет" партиясы құрылу идеясы мен бағытын түсіндірді. 

"Әділет" өзін Жаңа Конституцияның партиясы деп атады Фото: canva

– Неліктен жаңа партия құрып жатырсыздар?

– Жаңадан қабылданған Конституция Қазақстан қоғамын заман талабына сай жаңартуға ерекше мүмкіндік береді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, Әділетті Қазақстанды құру және оны нығайту үшін барлық жасампаз, жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді.

Біздің әділдік, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогреске арқа сүйейтін құндылықтарымыз миллиондаған қазақстандықтарға ортақ.

Біз әрбір қазақстандық өзінің күш-жігерін жүзеге асыра алатын, құқықтары мен бостандықтары Жаңа Конституциямен толық қорғалатын, қуатты, гүлденген, прогрессивті, беделді Қазақстанда өмір сүргіміз, еңбек еткіміз, балаларымызды тәрбиелегіміз келеді.

– Сіздердің негізгі аудиторияңыз кім?

– Біз Жаңа Конституцияны қолдап, дауыс берген және оның нақты жүзеге асуын қалайтын миллиондаған қазақстандықтардың күшін біріктіргіміз келеді.

Біздің аудиториямыз – бұл ғылымға, білімге және мәдениетке күн сайын үлес қосып жүрген жауапты да білікті адамдар. Бұл – қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуіне еңбек етіп жүрген азаматтар. Бұл – еліміздің дәулетін арттыратын кәсіпкерлер. Бұл – ел болашағы саналатын жастар. Бұл – Қазақстанның болашағына сенетін және соған еңбек етуге дайын баршамыз.

– Партия құру идеясы кімге және қашан келді?

– Жаңа Конституция жобасын дайындау барысында бірлесе жұмыс істей жүріп, біз негізгі заңда көзделген прогрессивті реформаларды жүзеге асыру жолдарын ұдайы талқылап отырдық.

Біз Әділетті Қазақстанды құру мен оны нығайту үшін жаңа саяси ұйым қажеттігін түсіндік. Ол ұйым реформаларды қолдаушыларды біріктіріп, олардың саяси тірегіне айналуы тиіс.

– Сіздер оппозициялық партиясыздар ма, әлде билікшіл партиясыздар ма?

– Біз – Жаңа Конституцияның партиясымыз. Біз Конституция қағидаттарының толық іске асуы және барлық оның қатаң сақталуы үшін құрылатын партиямыз.

Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған және жүйелі түрде іске асырып келе жатқан реформалардың толық және жан-жақты орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылып отырмыз.

Біз миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп, елдің жетекші саяси күшіне айналамыз.

– Съезді қашан өткізуді жоспарлап отырсыздар?

– "Әділет" партиясының құрылтай съезі мамыр айының басында өтеді.

– Партияға қалай кіруге болады?

– Жақын арада біз әрбір қазақстандық онлайн түрде мүшелікке өтініш бере алатын платформаны іске қосамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу