"Әділет" партиясы халықтың қолдауына ризашылық білдірді

234

"Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады.

"Әділет" партиясы халықтың қолдауына ризашылық білдірді Фото: «Әділет» партиясы

Ол өз сөзінде азаматтардың білдірген сенімі мен қолдауына ризашылығын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, "Әділет" партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!" – деді Айбек Дәдебай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу