"Әділет" партиясы ресми түрде тіркелді

76

Партия құрамына әртүрлі сала өкілдері бар.  

"Әділет" партиясы ресми түрде тіркелді Фото: adilet-partiyasy.kz

Бүгін Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Әділет" саяси партиясын ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Партия қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы саласының қызметкерлері, шахтерлер, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, құқықтану және креативті индустрия өкілдері еніп отыр.

Партия бағдарламасының негізінде әділдік, жауапкершілік, тең құқықтылық, патриотизм және прогресс қағидаттары жатыр.

Басты басымдықтар ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру белгіленген.

"Әділет" партиясы өз қызметін әділетті, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлес ретінде қарастырады. Партия кәсіби тәсілге, қоғамдық диалогқа және жауапты қоғамдық күн тәртібіне сүйенетінін мәлімдеді.

Жақын уақытта партия ұйымдық құрылымын одан әрі қалыптастырып, өңірлердегі жұмысын бастамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу